Имантау-Шалқар курорттық аймағында бүгінде миллиардтаған теңгені құрайтын ондаған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда эко-қонақүйлер, глэмпингтер мен заманауи туристік нысандар салынуда. Инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту мәселелері Солтүстік Қазақстан облысының туризм саласына арналған кеңейтілген әкімдік отырысының басты тақырыбы болды. Жиында туризм саласының қазіргі жағдайы талқыланып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Өңірде туризмді дамыту бүгінде тек демалушылар ағынын көбейту ретінде қарастырылмайды. Негізгі басымдық – қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және туристік аумақтардың инвестициялық тартымдылығын күшейту.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сонымен қатар, Шалқар және Имантау көлдері маңында туристік полицияның екі заманауи модульдік бекетін орнату жоспарланған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 120 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 13 шақырым болатын тағы төрт автомобиль жолын жөндеу көзделген. 2025 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін курорттық аймақтағы демалыс базаларына 15 тексеру жүргізілді.
СНХ: ДАРХАН ӘМІРІН – СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Туризм саласын дамыту ауқымды инвестициялық жобалармен қатар жүруде. Қазіргі таңда Имантау-Шалқар курорттық аймағында жалпы құны 3 миллиард теңгеден асатын 15 жоба іске асырылуда. Олардың қатарында жыл бойы жұмыс істейтін эко-қонақүйлер мен глэмпингтердің құрылысы бар. Жобаларды жүзеге асыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Маңызды бастамалардың бірі – Шалқар көлінің жағасында салынатын Discovery Borovoe компаниясының эко-қонақүйі. Инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард теңгені құрайды.
СНХ: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ – АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жиында демалыс базаларының қазіргі жағдайы мен оларды жаңғырту жоспарлары да қаралды. Өз жобаларын кәсіпкерлер де таныстырды. Солардың бірі – «Родники» демалыс базасының басшысы Дина Нұрмұқанова.
СНХ: ДИНА НҰРМҰҚАНОВА – ДЕМАЛЫС БАЗАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өңір басшысы «Сокол» балалар лагерін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мұндай нысандар балаларға арналған заманауи демалыстың қандай болуы керектігін көрсетеді – жайлы, қауіпсіз әрі жарқын әсерге толы. Сондықтан өңірде осындай үлгілі жобалардың саны арта түсуі тиіс екенін айтты.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында барлық демалыс орындары мен қоғамдық кеңістіктерде бейнебақылау жүйелерін орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.