Маусымның үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні. Айтулы датаға орай Ақан сері атындағы облыстық филармонияда мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында медицина саласына өз үлесін қосып жүрген ақ халаттылар түрлі марапаттарға ие болды. Салтанатты шараға денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы қатысып, мерекемен құттықтады.
Адам өмірінің арашасы, денсаулықтың сақшысы болған медицина қызметкерлеріне құрмет көрсету қоғамның басты міндеті. Жиынды ашқан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстағы медицина саласының серпінді дамуы мен материалдық-техникалық базаның нығаюына тоқталып өтті. Тек өткен жы лдың өзінде бұл мақсатқа 8,7 млрд теңге бағытталса, биыл тағы 3,1 млрд теңге қаралған. Соңғы 3 жылда Петропавл мен аудандарда 3 жаңа емхана бой көтерсе, «Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 46 жаңа нысан ашылған. Дәрігерлерге берілетін көтерме жәрдемақы мөлшері 5 миллион теңгені құрайды, ал сұранысқа ие тар бейінді мамандар үшін бұл сома 8,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, Петропавлда медицина колледжінің студенттері үшін 270 орындық жаңа жатақхана құрылысы аяқталуға жақын.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ - СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мерекенің ең толқынысты сәті марапаттау рәсімі. ҚР Президентінің жарлығымен Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар азамат «Парасат», «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. Солардың қатарында Көп бейінді облыстық аурухананың Онкологиялық орталығы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, онкологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші Ермек Ғаббасұлы бар. Ол медицина саласындағы жұмысын 1976 жылы бастаған. 50 жылдық еңбек өтілі бар ақ халатты абзал жан «Парасат» орденімен марапатталды.
Снх: ЕРМЕК АБДРИМОВ, КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері» медалімен облыстық фтизиопульмонология орталығының зертханашы дәрігері Мейрамжан Қәшкенов марапатталды.
Снх: МЕЙРАМЖАН ҚӘШКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫ ДӘРІГЕРІ
Салтанатты іс-шараға арнайы келген Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев те әріптестерін құттықтап, министрліктің жоғары марапаттарын табыс етті.
СНХ: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Дәрігерлерге көрсетілген құрмет мұнымен біткен жоқ. Халыққа көрсетілетін көмектің жеделдігі мен сапасын арттыру үшін емдеу мекемелеріне жаңа санитарлық автокөліктердің кілттері табыс етілді. Биыл жалпы саны 37 көлік сатып алынса, соның алғашқы легі Кардиологиялық орталыққа және Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют сияқты бірқатар аудандық ауруханаларға жөнелтілді. Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.