«Ботай. Ғайып ғалам» көркем фильмінің ең ауқымды әрі қорытынды түсірілім кезеңі өтіп жатыр. Қазіргі уақытта түсірілім жұмыстары арнайы дайындалған үңгір декорацияларында жүргізілуде, мұнда 1930-жылдар мен бүгінгі күн оқиғалары қатар бейнеленеді. Жоба аясында экшн-сахналар мен күрделі қойылымдар таспалануда. Түсірілім алаңындағы жұмыстармен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Жобаның декорациялары арнайы бөлінген кең ғимаратта тұрғызылған. Кеңістіктің үлкен аумағы мен биік төбесі каскадерлік көріністер мен техникалық күрделі түсірілімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Декорацияларды дайындауға суретші топ шамамен екі апта уақыт жұмсаған. Түсірілім алаңымен облыс әкімі танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.

«Ботай. Ғайып ғалам» фильмінің түсірілім тобының құрамы кезеңге байланысты 50–70 адамның аралығында болады. Ал актерлер мен жаппай сахналарға қатысушыларды қоса есептегенде, түсірілімге 200 адамға дейін жұмылдырылады.

АНДРЕЙ АВДЕЕВ, «БОТАЙ. ҒАЙЫП ҒАЛАМ» ФИЛЬМІНІҢ РЕЖИССЕРІ

«Ботай. Ғайып ғалам» фильмінде оқиға желісі өткен мен бүгінді тоғыстырады. Сол кезеңнің құпиясы мен жасырын шындығы біртіндеп ашылады. Басты кейіпкерлердің тағдыры арқылы әділетсіздік пен ақиқат арасындағы тартыс көрініс табады.

ЕЛДОС ШАЙКЕНОВ, АКТЕР

Түсірілім айдың басында Айыртау ауданында басталып, кейін Петропавл қаласына жалғасты. Ал алдағы уақытта топ Шалқар-Имантау бағыттарына барып, кейін қайта Петропавлға оралады. Одан соң Ғабит Мүсірепов ауданы сияқты әртүрлі аймақтарда түсірілім жалғасады.