Петропавлда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының жас офицерлерінің 26-шы бітіруші түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл рәсім оқуын аяқтап, күштік құрылымдардың бөлімшелерінде қызмет етуге дайын ел қорғаушылары үшін маңызды кезеңге айналды.
Биыл әскери жоғары оқу орнының 200-ге жуық курсант тәмәмдады. Академия Қазақстанның Ұлттық ұланы мен күштік құрылымдары, сондай-ақ басқа мемлекеттердің әскери қызметтері үшін мамандар даярлайды. Оқу орны ашылғалы бері 4,5 мыңнан астам офицерді оқытып шығарды. Салтанатты рәсімде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге ақ жол тіледі. Ол болашақ офицерлердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқаратынына сенім білдірді.
СНХР: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Қорытынды аттестаттау барысында курсанттар теориялық білімі мен тәжірибелік машықтарын жан-жақты көрсетті. Мемлекеттік комиссия даярлық бағыттары бойынша кешенді сынақтарды қамтыған 32 емтихан қабылдады. Оқу нәтижесіне сәйкес үздік түлектерге жоғары әскери шендер табысталды. Ал жас офицерлердің бірқатары алдағы уақытта еліміздің күштік құрылымдары қатарында қызметін жалғастырады.
СНХР: МАРЖАН ТАЛАПКЕР, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Салтанатты іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі оқу орнын бітірушілердің вальсі болды. Би барысында жас офицер Батырхан Абылденов сүйіктісіне тосынсый жасап, көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірді. Осылайша оның өміріндегі жаңа кезең офицерлік қызметпен қатар маңызды жеке шешіммен де есте қалмақ.
СНХР: БАТЫРХАН АБЫЛДЕНОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЛЕЙТЕНАНТЫ
Осылайша, академияның тәмәмдаған жас офицерлер лейтенант шеніне ие болды. Енді олар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып, Отан алдындағы жауапты міндеттерді орындауға кіріседі.