«Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавлда салынған екі жаңа білім ордасы биыл алғашқы түлектерін шығарып салды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан жоба мектеп тапшылығын азайтып, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған. Облыс орталығындағы №28 және №29 жалпы білім беретін мектептерде мыңнан астам оқушы білім алада.

Әрқайсысы бір ауысымда 600 балаға арналған білім ордалары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда кең сыныптар, зертханалар, робототехника кабинеттері мен бірнеше спорт залы жұмыс істейді. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігіне және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Снхр: ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ