1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енеді. Жаңартылған Ата заң мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірумен қатар, қоғамның рухани және мәдени құндылықтарына да басымдық береді.

Жаңа конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, құжатта ұлттық бірегейлікті сақтау, білім мен мәдениетті дамыту, тарихи сабақтастықты нығайту және қоғамның рухани әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар қағидаттар қамтылған. Ата заңның кіріспе бөлімінде де ел дамуының маңызды негіздері ретінде білім, мәдениет және рухани құндылықтардың рөлі айқын көрініс тапқан. Бұл бастамалар қоғамның тұрақты дамуына және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

СНХР: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ