2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда халық қолдаған Қазақстанның жаңа Конституциясы 1 шілдеден бастап өз күшіне енеді. Бұл мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашпақ.

Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаттары әділдікті нығайтуға және биліктің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ата Заң азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуді және демократиялық тетіктерді дамытуды көздейді. Солтүстікқазақстандықтардың пікірінше, мемлекет қоғамның сұраныстарына барынша ашық болып, адам құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосымша кепілдіктер берілмек.


СНХ: РУСТАМ ЖҮСІПБЕКОВ – «ҚЫЗЫЛЖАР ОРМАНЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ