Шал ақын ауданының Ступинка ауылындағы «Алтын астық KZ» серіктестігінде мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Шаруашылық 2019 жылдан бастап мал өсіру бағытын қолға алып, алғашқы кезеңде 50 бас құнажынмен жұмыстарын бастаған. Бүгінде мал басы толықтай өз төлінен көбейтіліп, 472 басқа жетіп отыр. Төрт-түлік Балуан ауылындағы жайылымдарда күтіп-бапталуда.

2022 жылы серіктестік қой шаруашылығын да дамыта бастады. «Русский крос» тұқымды қойлар 22 бастан көбейтіліп, қазіргі таңда 95 басқа жеткен. Мал басының тұрақты өсуі шаруашылықтағы жүйелі күтім мен дұрыс бағудың нәтижесі екенін көрсетеді. Қойлар табиғи жайылымда бағып-күтіліп, қысқы кезеңге арналған жем-шөп қоры алдын ала дайындалады. Шаруашылықтағы еңбеккерлер саны 6 адам. 


СНХ: ЕЛТАЙ ҚАЗИЕВ, «АЛТЫН АСТЫҚ KZ» ЖШС-НІҢ ӨКІЛІ