Солтүстік Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында ауқымды іс-шара өтті. Қоғамдық даму және ақпарат орталығының ұйымдастыруымен «Судағы қауіпсіздік» ақпараттық-профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.
Жазғы маусымда су айдындары қала тұрғындарының ең көп жиналатын демалыс орнына айналатыны белгілі. Осыған байланысты, мамандар жазатайым оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Акция барысында демалушыларға суға шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылыққа жол бермеу мәселесі де басты назарда болды.
СНХ: АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ