Есіл ауданында 3 ауданның тұрғындарына тауарлық несие шартымен 5 мың қаз балапаны таратылды. Бұл бастама ауылшаруашылығы кооперациясын дамыту мақсатында қолға алынған. Осымен 3 жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан жобаға 50-ге жуық ауыл тұрғыны қатысуға ниет білдірген. Жоба шарты тиімді. Өсірген балапандарының тек 10 пайызын қаз еті түрінде қайтарса, барлық құстың мамығын ауылшаруашылық кооперативіне тапсырады.
Аталған бастама үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Ол ауылдық кооперацияны дамытуға, жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыруға және табысын көбейтуге бағытталған.
СНХ: АЛМА БИЖАНОВА, ЯВЛЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ
Есіл ауданында өткен қаз балапандарын тарату іс-шарасы барысында тек Есіл ауданының тұрғындары ғана емес, сондай-ақ Жамбыл және Уәлиханов аудандарының тұрғындары да қамтылды. Олардың арасында бұл жобаға алғаш рет қатысып, қаз балапанын алып отырған азаматтар да бар.
СНХ: АРЫСТАН КИІКБАЕВ, ЕСПЕРЛІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
Желтоқсан айында жобаға қатысушылар өсірген қаздардан алынған мамықты «Мурза» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өткізеді. Сондай-ақ өсірілген қаздардың 10 пайызын қайтаруы керек. Қайтарылатын әр қаздың салмағы кемінде 4,4 келі болуы тиіс.
СНХ: ЗӘУРЕШ МАТЕНОВА, ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ
Жоба ауыл тұрғындарына қомақты қаржы жұмсамай-ақ құс өсірумен айналысуға мүмкіндік береді. Соның арқасында олар қосымша табыс тауып, өз шаруашылығын дамытуға жол ашады.