Петропавлдағы Креатив орталықта киберқауіпсіздік және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған форум өтті. Оған білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында мамандар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және желідегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты. Форумның басты мақсаты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда интернет-алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып отыр. 2025 жылы цифрлық ортадағы алаяқтыққа байланысты 20 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.


СНХ: ЖАСЛАН ЖИМАЛЕЕВ – СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың 247 дерегі тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 600 миллион теңгеден асты. Ең жиі кездесетін алаяқтық тәсілдерінің қатарында фишингтік сайттар мен қосымшалар, дипфейктер, жалған интернет-дүкендер және өзін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың қоңыраулары бар.


СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ – СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ


Форумға білім саласының өкілдері де қатысты. Солардың бірі – Бірінші гимназияның мұғалімі Евгений Нагачевский. Ол мектепте экономика, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақ беріп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оның пікірінше, киберқауіпсіздік пен интернет-алаяқтықтан қорғану мәселесі бүгінгі жастар үшін аса маңызды.


СНХ: ЕВГЕНИЙ НАГАЧЕВСКИЙ – БІРІНШІ ГИМНАЗИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ


Жыл басынан бері уәкілетті органдар интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесулер өткізілуде. Сонымен қатар қауіпсіз интернетті пайдалану жөніндегі жадынамалар, бейнероликтер және өзге де ақпараттық материалдар таратылуда.