Петропавлда «Ботай. Ғайып ғалам» атты шытырман оқиғалы фильмнің түсірілімі жалғасуда. Картина көрермендерді Солтүстік Қазақстандағы ең танымал археологиялық құпиялардың бірімен таныстырады. 

Кезекті түсірілім күні. «Ботай. Ғайып ғалам» фильмінің түсірілім тобы үңгірдегі көріністі түсіріп жатыр. Дәл осы жерде басты кейіпкер негізгі артефактіні табады. Сонымен қатар фильмнің шарықтау шегі де осы сахнада өрбиді. Артефактіні ұрлау әрекеті жасалады. Бұл рөл неміс актеріне бұйырған.

ШТЕФАН ВЁЛЬК, АКТЁР

Фильмде жарылыстар, пиротехникалық көріністер, қанды шайқастар мен тартысқа толы сәттер болады. Туынды бірнеше тарихи дәуірді тоғыстырып, шынайы тарихи оқиғаларға негізделген шытырман оқиғалы экшн жанрында түсірілуде.

АНДРЕЙ АВДЕЕВ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР

Петропавлдағы түсірілім жұмыстары тағы шамамен он күнге жалғасады. Одан кейін фильм түсірілім процесі Айыртау ауданында өрбиді.