СҚО-да полицейлер бастауыш сынып оқушыларын полиция қаһармандарымен таныстырды.

Мағжан Жұмабаев атындағы №4 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары полиция қызметін осылай сипаттады. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тәртіп сақшыларының оларды қалай қорғайтынын жақсырақ білуі үшін балаларға арнап Ашық есік күнін өткізді.

Мектеп жанындағы жазғы алаңға келетін 1–4 сынып оқушылары кезекші бөлімде болып, полицейлердің «102» арнасына келіп түсетін қоңыраулардың қалай қабылданатынын біліп, бейнебақылау камераларының мониторлары арқылы туған қалаларының көшелерін көрді. Айта кетейік, жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен аудан орталығында 3 қылмыс ашылып, 437 құқық бұзушылық анықталған.

Жедел-криминалистикалық топтың қызметкері балаларға қылмыскер қандай іздер қалдыруы мүмкін екенін және олардың қалай алынатынын айтып берді. Экскурсияның маңызды тақырыптарының бірі қазақстандық полиция қаһармандарын еске алу болды. Ғазиз Байтасовқа арналған стенд жанында оқушылар 2011 жылы аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан Тараз қаласының патрульдік полиция қызметкерінің ерлігі туралы білді. Ержүрек қызметкердің есімі полицейлер үшін ерлік пен қызметтік борышқа деген адалдықтың символына айналған.

Осындай үлгі тұтар тұлға Мағжан Жұмабаев ауданында да бар. Мұражай бөлмесінде балалар жерлестері, полиция капитаны Жанәділ Теміртасов туралы білді. Ол 1999 жылғы 20 мамырда таңертең ерте масаң күйдегі адамдар тобын тәртіпке шақыруға әрекет жасаған кезде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан.

СНХР: БИКЕН СМОЛЕКОВА — МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ ПБ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ 

Мұндай экскурсияларды облыстық полицияның барлық бөліністеріі тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Мақсат — өскелең ұрпақты заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.