Солтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау үшін ерекше жоба бастады. Олар әсіресе түтіні азайған шалғайдағы елдімекендерді аралап, тұрғындарға естен кетпес кеш ұйымдастыруда. Осылайша мәдениет пен есті әндерге сусындаған ауылдағы ағайынның көңілін көтеріп, атадан балаға дарыған серілік дәстүрді қайта жаңғырта бастады. 

Ақан сері, Біржан сал, Естай секілді тұлғалардың серілік өнерін теріскейлік өнерпаздар қайта жаңғыртты. Олар әсіресе облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауылдарды аралап, ұлттық өнерді ұлықтауда.

Әннің де естісі бар, есері бар, демекші шара барысында тек қана халық әндері шырқалып, оның шығу тарихы кеңінен баяндалады. Ал, мұндай кездесулер кеш бата табиғат аясында ұйымдастырылады. Өнерпаздар домбыра, сыбызғы сынды ұлттық аспапта ойнап, тындарманды тамаша күйге бөлейді.

Өнерпаздар бұл жолы Аралағаш ауылының тұрғындарын таңдандырды. Күнделікті күйбелең тірліктен шаршаған жергілікті халық бір марқайып қалды.

ЖҮМӘЗИЯ ИСТИНА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

АЙМАН ТІЛЕУЛИНА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Мұндай концерт халық үшін тегін. Жобаның басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеп, оны кеңінен насихаттау.

БІРЖАН ЕСЖАН – ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ

Әзірге әншілер 10-нан астам ауылда болған. Енді олар шекара шебіндегі ел-жұртқа барып қайтуды мақсат етіп отыр.