Петропавл қаласында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған республикалық семинар-тренинг өтіп жатыр. Маңызды жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық ұйым жетекшілері мен еліміздің әр өңірінен келген медиаторлар қатысуда. Басқосудың басты мақсаты қақтығыстардың алдын алу және этносаралық татулықты нығайту мәселелерін талқылау.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиал директоры Әсет Әбжанов спикер ретінде сөз сөйледі. Ол қатысушыларға даулы жағдайлардың алдын алудың заманауи тәсілдері мен қоғамның түрлі топтарын тиімді интеграциялау тетіктерін түсіндірді. Әсіресе, өзара диалог мәдениетін дамыту мен қоғамдық келісімді нығайту мәселесіне басымдық берілді.
СНХР: РАГИФ ЗЕЙНАЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
Семинар аясында қатысушылар келіссөздер жүргізудің медиативтік техникасымен де танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай басқосулар аймақтар арасында тәжірибе алмасуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, кез келген түсініспеушіліктің алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді құралдарды әзірлеуге жол ашады.
СНХР: ЕЛДОС ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТІРЛІГІ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Айта кетейік, бұл республикалық семинар-тренингті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар мұндай алаңдардың этномәдени бірлестіктер арасындағы байланысты бекітіп, қоғамдағы бірлік пен өзара құрмет атмосферасын сақтауға зор үлес қосатынын атап өтті.