Жаңа Конституцияның қабылдануы - елдің болашағы үшін тарихи қадам. Ата Заңда ел халқының мақсаттары мен мұраттары көрініс тапты. Аумақтық тұтастық, егемендік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басты құндылықтар ретінде бекітілді. Парламент реформасына ерекше көңіл бөлінді: ол бір палаталы заң шығарушы органға айналады. Бұл заңдарды қабылдау үдерісін жеделдетіп, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Құрылтай елдің ең жоғары өкілді органы болып, заң шығару өкілеттігін алды. Оның құрамына партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.
СНХР: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА , М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ОҚЫТУШЫСЫ