Петропавл қаласының тұрғыны Сергей Демидов көне жәдігерлерді жинауды осыдан 17 жыл бұрын бастаған. Уақыт өте келе бұл қызығушылық оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде оның жеке коллекциясында өткен дәуірлерден сыр шертетін 1000-нан астам құнды экспонат сақтаулы. Жинақ құрамында ежелгі монеталар, тұрмыстық бұйымдар, сирек кездесетін кітаптар, ашықхаттар, картиналар және тарихтың әр кезеңінен хабар беретін басқа да заттар бар.
Антиквариат жинау тарих, өнер және мәдениет туралы терең білімді талап етеді. Петропавлдық Сергей Демидов тарихи және көркемдік құндылығы бар көне әшекейлерді, қағаз ақшаларды, техникаларды және басқа да жәдігерлерді жинайды. Әрбір экспонат өткен дәуірден сыр шертіп, өз заманының ерекшелігін көрсетеді. Мұндай коллекциялар тарихи мұраны сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрғындардың тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға да ықпал етеді.
СЕРГЕЙ ДЕМИДОВ АНТИКВАР, КӨНЕ ЖӘДІГЕР ЖИНАУШЫ