Теріскейдің бүгінгі ауа райы құбылмалы болып тұрса да жаңа кейіпке еніп жатқан Пёстрое көлінің жағажайында дем-алушылар қарасы қалың. Заман талабына сай салынып жатқан жаңа экопарк құрылысы әлі аяқталмаса да бұл жер қазірдің өзінде қала тұрғындары мен облыс орталығына келген қонақтардың сүйікті жерлерінің біріне айналуда.
«Qyzyljar» экопаркінің жалпы аумағы 40 гектардан астам жерді алып жатыр. Жағажайда еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін деммалып, бос уақыттарын табиғат аясында тиімді өткізулеріне барлық жағдай жасалуда бүгінде.