Петропавлда көліктегі полиция қызметкерлері теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік», «Нелегал» және «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Рейдтердің негізгі мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу. 

ДАУРЕН БАЯХМЕТОВ, ЖЕДЕЛ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ 

Профилактикалық іс-шаралар тек вокзалдар мен станцияларда ғана емес, оларға іргелес аумақтарда да жүргізілуде. Полицейлер қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда.

СНХР: ӘДІЛ МҰРАТОВ, ПЕТРОПАВЛ СТАНЦИЯСЫНЫҢ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, көліктегі полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен де белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Оқушыларға теміржол көлігі нысандарында болу қағидалары мен жеке қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.