Ботаникалық бақтағы әрбір өсімдік – тынымсыз еңбек пен табиғатқа деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Көздің жауын алатын гүлзарлар мен жайқалған ағаштардың артында жүздеген өсімдік түріне күн сайын күтім жасайтын мамандар тұр. Солардың бірі – гүл өсіруші әрі көгалдандырушы Анна Ляшенко. 

Әр маманның өз тағдыр жолы бар. Біздің кейіпкеріміз үшін бұл жол ботаникалық баққа келгенге дейін басталған. Табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген сүйіспеншілікті оған ата-анасы сіңірген.

АННА ЛЯШЕНКО, ГҮЛ ӨСІРУШІ-КӨГАЛДАНДЫРУШЫ

Кейде мамандардың жұмысы гүлдер мен ағаштарды күтіп-баптаумен ғана шектелмейді. Олар қиын жағдайға тап болған жануарларға да қамқорлық жасап, аман алып қалуға көмектеседі.

АННА ЛЯШЕНКО, ГҮЛ ӨСІРУШІ-КӨГАЛДАНДЫРУШЫ

Анна ботаникалық бақта жеті жылдан бері еңбек етеді. Осы уақыт ішінде жұмысы оның кәсібіне ғана емес, өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

АННА ЛЯШЕНКО, ГҮЛ ӨСІРУШІ-КӨГАЛДАНДЫРУШЫ

Ботаникалық бақ мамандары күн сайын табиғаттың сан қырлы құпиясын сақтап, оны келушілермен бөлісуге атсалысады. Ал өз ісіне адал жандардың еңбегі бақтың әр бұрышынан көрініс табады.