Диқандардың басты міндеті – қалыптасқан өнім әлеуетін сақтау. Бұл ретте егістіктерді фитосанитарлық қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Өнім шығынына жол бермеу үшін өңірде арамшөптерге, зиянкестер мен ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы күрес бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде облыс бойынша арамшөптерге қарсы гербицидтік өңдеу 144 мың гектар алқапта жүргізілді. Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары 105 мың гектарды, ал ауруларға қарсы өңдеу 57 мың гектарды қамтыды. Аграршыларды қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі – пестицидтер сатып алуға жұмсалған шығындарды мемлекеттік субсидиялау. Өсімдіктерді қорғау құралдар құнының 50 пайызға дейінгі бөлігі субсидияланады. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егістіктерді дер кезінде өңдеуге және өнімді сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Снхр: СӘРУАР МОЛДЫНОВ, «ТІЛЕП-НАН» ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ