Солтүстік Қазақстан облысында «бір ауыл - бір өнім» жобасын іске асыру жалғасуда. Оған қатысушылары жергілікті шикізаттан жасалған тауарларды ұсынады, ал үздік жобалар одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік алады. Үміткерлер арасында тамақ, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да өнімдер өндірушілер бар.
Табиғи йогурттар, ірімшіктер және басқа ешкі сүтінен жасалған өнімдер. Тайынша ауданынан келген Күшүкбаевтар отбасы өндірістің бұл түрімен 2021 жылдан бері айналысып келеді. Алғашында ешкі сүтінен жоғарыда аталған өнімдерді өздері үшін өндірген. Мақсат отбасы мүшелерін табиғи таза әрі денсаулыққа пайдалы сапалы тағам түріменн қамтамасыз ету болған. Бүгінде бұл іс отбасылық кәсіпке айналып отыр. Бүгінде өздерінің тұрақты тұтынушылары да бар. Өнімдеріне тек Тайынша тұрғындары ғана емес, Көкшетау және Астанадан да тапсырыс беретіндер бар. Істері ақырындап алға басқан Күшікбаевтар қазіргі күні шаруашылықты біртіндеп кеңейтіп, «бір ауыл - бір өнім»жобасына қатарынан екінші жыл қатысып отыр.
СНХ: СЕРІК КҮШҮКБАЕВ – КӘСІПКЕР, ТАЙЫНША АУДАНЫ
«Бір ауыл - бір өнім» жобасын ұймдастыруға мұрындық болған облыстық кәсіпкерлер Палатасы. Басты мақсат - жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті шикізаттан жасалған тауарларды жұртшылыққа таныстырып кәсіпкерлердің алға өсіп-өркендеулеріне қолдау көрсету. Осы жылы аталмыш жобаға қатысуға 42 адам өтінім білдіріп, арнайы комиссия қарауына өз өнімдерін ұсынған. Іріктеу қорытындысы бойынша келесі кезеңге 20 жоба өтті. Үздікт өнімді аймақтық бренд комитеті бағалайды.
СНХ: ӘСЕЛ ҚҰНАНОВА-СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Аталмыш жоба 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы аралықта оған өңіріміздің 100 ден астам кәсіпкерлері қатысқан. года. Әр қайссының өндіретін тауартүрлері де сан алуан, азық-түлік тен тұрмыстық затқа дейін бар.