Солтүстік Қазақстанда тарихи мұраны дәріптеуге бағытталған «Ботай. Ғайып ғалам» атты кинотуындының түсірілім барысы жалғасып жатыр. фильмде оқиға желісіне қатысты Қазақстан Конституциясы көшесі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті секілді қаламыздың бірқатар жерлері арнайы локация ретінде таңдалып алынған. Түсірілім алаңында Германия, АҚШ, Қырғызстан, секілді шет ел және отандық кино саласы актерлері мен жергілікті театр әртістері де қатыстырылуда.
Тарихтың жұмбақ парақтарын ашуға бағытталған туындының бұл бөлімінде көрермен назарына маңызды сұхбат ұсынылмақ. Түсірілім алдындағы дайындық жұмыстары да ерекше қызығушылықпен өтті. Актерлер мен шығармашылық топ әр көріністің мазмұнына терең мән беріп, түсірілім барысын жан-жақты пысықтады.
Өңірдегі фильм түсірілімі 12 күннен бері жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде шығармашылық топ қаланың бірнеше нысанында жұмыс істеді. Ал «Ботай» арт-галереясындағы түсірілім ерекше атмосферасымен ерекшеленді. Өйткені бұл орын жылқы алғаш қолға үйретілген тарихи Ботай қонысының атауымен байланысты.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ӘЛІМЖАНОВ, СЦЕНАРИСТ
Фильм авторларының айтуынша, өңірдегі фильмнің түсірілімі шілде айының ортасына дейін жалғаспақ.