14 маусым – Бүкіләлемдік донор күні. Осыған орай Облыстық қан орталығында арнайы акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрақты қан донорларына алғыс білдіріліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар қатысушыларға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Полиция қызметкері Дарья Фролова 3 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырып келеді. Ол донорлықты қоғамға көрсетілетін маңызды көмек деп санайды және бұл іске жауапкершілікпен қарайды. Бүгінгі науқан аясында тұрақты донор ретінде марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды.

ДАРЬЯ ФРОЛОВА, ҚР ІІМ СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Науқанға тұрғындар белсенді қатысты. Облыстық қан орталығында еріктілер қан тапсырып, мұқтаж жандарға қолдау білдірді. Таңертеңгі есеп бойынша бүгінгі шараға 60 адам қатысып, донор ретінде қан тапсырған. Мамандар бұл көрсеткіштің күн соңына дейін әлі де көбейетінін айтады.

АРИНА ШИШКИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Мамадияр Байғұлов тұрақты түрде қан тапсырып келе жатқанына 10 жылдан асқан. Ол донор болуды азаматтық жауапкершілік пен адам өміріне деген жанашырлықтың көрінісі деп санайды.

МАМАДИЯР БАЙҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫ 

Қан орталығы мамандары,- тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар саны жыл санап артып келеді,- дейді. Ал құрметті донорлар қатары шамамен бүгінгі таңда 40 адамға жеткен.