Облыста 22 мың гектардан астам орман алқабын жұпсыз жібекқұрт зақымдады. 6 ауданда қауіпті карантиндік зиянкес ошағы табылды.
Жұпсыз жібек құртының әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында ормандарда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 50 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мамандардың айтуынша бұған дейін осы сынды жағдай 2014 жылы тіркелген. Ағаштарды өңдеу кезеңінде орманда мал жаюға, жидек пен саңырауқұлақ теруге болмайды. Жібек құрттар негізінен қайың мен терекке зиян келтіреді, оның таралуын дер кезінде тоқтату орманды сақтап қалу үшін маңызды. Өңірде 550 мың гектардан астам орман алқабы бар.
СНХ: ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ