Петропавлда «Ботай. Ғайып ғалам» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілімі қарқынды жалғасуда. Тарихи-фантастикалық туындының кезекті түсірілім алаңы ретінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті таңдалды.

Бұл жолы камера алдында кәсіби актер емес, университет оқытушысы Анатолий Плешаков өнер көрсетті. Ол фильмде өзінің күнделікті қызметіне жақын кейіпкерді сомдап, оқытушы рөлін атқаруда.

СНХР: ЕРКЕБҰЛАН ӘЛІМЖАНОВ, СЦЕНАРИСТ-РЕДАКТОР

Қазіргі таңда түсірілім тобы өңірдің бірнеше нысанында жұмыс жүргізіп жатыр. Жобаға еліміздің әр өңірінен келген мамандар тартылған.

СНХР: ЕРКЕБҰЛАН ӘЛІМЖАНОВ, СЦЕНАРИСТ-РЕДАКТОР

«Ботай. Ғайып ғалам» фильмі арқылы авторлар әлемге Ботай мәдениетінің маңызын тағы бір мәрте танытуды көздейді. Қазіргі таңда түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр. Фильмнің нақты прокатқа шығу мерзімі кейінірек белгілі болады.