«Qyzyljar» экопаркі бүгінде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерді. Көл жағасындағы жаңа демалыс аймағына келушілер саны күннен-күнге артып келеді.
Ауа райы бұлттанып тұрғанымен, демалушылардың көңіл күйі көтеріңкі. Тұрғындар отбасымен және достарымен бірге уақыттарын қызықты өткізіп, жаңа демалыс аймағының игілігін көруде.Мұнда тұрғындар таза ауада серуендеп, балаларымен бірге уақыт өткізіп, табиғат аясында тынығып жүр.
Алдағы уақытта экопарк толық іске қосылғанда, бұл жер отбасылық және белсенді демалыстың басты орталықтарының бірі болмақ.