Петропавлда «Ботай. Ғайып ғалам» атты ауқымды көркем фильмнің түсірілімі жалғасуда. Картинаның негізгі локацияларының бірі – облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. Фильмдегі басты кейіпкерлердің бірі Жібек осы жерде гид болып жұмыс істейді. Сондай-ақ дәл осы мұражайда шытырман оқиғаға толы туындының үшінші уақыт желісіндегі кейіпкерлері тоғысады.
Фильмнің бас продюсері Лилия Файзуллинаның айтуынша, туынды тек шытырман оқиғалы экшн ретінде емес, Қазақстанның тарихи мұрасын насихаттайтын маңызды жоба ретінде ойластырылған. Продюсердің пікірінше, Ботай қонысының ашылуы – әлемдік маңызы бар оқиға.
СНХР: ЛИЛИЯ ФАЙЗУЛЛИНА, БАС ПРОДЮСЕР
Фильм сюжеті үш түрлі кезеңді қамтиды: энеолит дәуірі, 1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңі және қазіргі заман. Оқиғаның өзегінде көне шаман маскасымен байланысты жұмбақ артефакт жатыр. Осы құнды жәдігер үшін заңды және заңсыз археологтар арасында тартыс өрбиді.
СНХР: АНДРЕЙ АВДЕЕВ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР
Картинаның қоюшы суретшісі Руслан Оспановтың кино саласында 17 жылдық тәжірибесі бар. Оның шығармашылық қоржынында 49 жоба болғанымен, мұндай ауқымды фильмге алғаш рет қатысып отыр.
СНХР: РУСЛАН ОСПАНОВ, ҚОЮШЫ СУРЕТШІ
Алдағы уақытта түсірілім жұмыстары Петропавлда жалғасып, кейін түсіру тобы Айыртау мен Ғабит Мүсірепов аудандарындағы арнайы локацияларға жол тартады. Қазір фильм өндірісі қызу жүріп жатыр. Жобаны жүзеге асыру жұмыстары әлі бірнеше айға созылады.