Облыс орталығындағы Пёстрое көлі маңында орналасқан экопарк қазірдің өзінде қала тұрғындары үшін жаңа тартымды демалыс орнына айналып отыр. Бұл жердегі инфрақұрылым әлі толық аяқталмаса да жаңа кейіптегі жағажай ресми түрде өткен демалыс күні ашылды.Қазір онда дем алып суға түсушілер қарасы қалың.
Жаңғажайда тартымды атмосфера қалыптасқан. Бұл жерде отбасыларымен демалып жатқандар да, суға шомылып жатқан жастар мен балалар да егде жастағы аға буын өкілдерін де көптеп кездесттіруге болады. Біреулері серуендеп жүрсе, енді бірі су жағасындағы орындықтарда әсем табиғатты тамашалап, таза ауамен тыныстауда. Бір сөзбен аитқанда жаңаша кейіпке еніп жатқан бұл аймақ қазір қаланың күйбең тірлігінен арылып су жағасында демалатын тамаша орынға айналуда.
Келушілердің назарын әсіресе көл айналасындағы серуен аймағы өзіне аудартады. Мұнда жаяу серуендесең де велосипед тепсең де өз еркің. Балалар ойын алаңы да алыстан мен мұндалап тұр. Ондағы ойын балаларының шат-шадыман күлкісі таңертеңнен кешке дейін бір үзілмейді.
Аумақты абаттандыру жұмыстары әлі жалғасып жатқанына қарамастан, мұндағы демалушылар экопаркті қазірдің өзінде дайын демалыс орны ретінде қабылдауда.