Қазақстанда волонтерлік қозғалыс жыл сайын дамып келеді. Соңғы алты жылда еріктілер саны алты еседен астам өсіп, бүгінде 300 мың адамға жеткен. Ал волонтерлік ұйымдардың саны төрт есеге артып, 800-ден асты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Мамандардың мәліметінше, волонтерлер әлеуметтік қолдау көрсетуден бастап экология, білім беру, төтенше жағдайлардың алдын алу және қайырымдылық бағыттарында белсенді жұмыс істейді. Елімізде волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған 8 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
СНХР: АЙБЕК ДОСЫМБЕТОВ, ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ
Солтүстік Қазақстан облысында да еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда өңірде 10 мыңнан астам волонтер бар. Олар әлеуметтік, экологиялық, медициналық, оқиғалық, іздестіру және басқа да бағыттар бойынша жұмыс істейді.
СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО «БІРГЕМІЗ» ВОЛОНТЕРЛІК ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ
Мамандардың айтуынша, волонтерлік азаматтық жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды құрал. Өңірде жыл сайын мыңдаған іс-шара өткізіліп, оған ондаған мың адам қатысады. Бұл еріктілер қозғалысының қоғамдағы маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.