«Динамо» стадионы маңындағы саябақта ашық аспан астында зияткерлік сайыстар мен ерекше эстафеталардан тұратын тартысты марафон ұйымдастырылды. Іс-шараны жастар арасында салауатты өмір салтын және спортқа деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «ШТАБ JE SKO» қоғамдық бірлестігі еріктілердің фронт-офисімен бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа әрқайсысында бес адамнан тұратын 6 команда қатысты.
Марафонның басты мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын интерактивті әрі қолжетімді форматта дәріптеу. Зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстарды біріктірген іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер және жастар белсене қатысты. Ұйымдастырушылар қатысушылардың күнделікті өміріне пайдалы әдеттерді ойын түрінде енгізуді көздейді.
СНХР: ГҮЛБАҚЫТ БАЙБУСИНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ МАМАНЫ
Жарыс басталмас бұрын, барлық команда мүшелері бір алаңға жиналып, сергіту жаттығуларын жасады. Кейін қатысушылар арнайы дайындалған 5 станцияға бойынша, пазл құрастыру, сұрақтарға жауап беру секілді түрлі тапсырмаларды орындады. Бұл кезеңдер қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен өзара интерактивті байланысын тексеруге бағытталған. Сонымен қатар, бұл сайыс қатысушылар үшін жаңа орта табудың мүмкіндігі болды.
СНХР: ВАЛЕНТИНА РЕУТОВА, СТУДЕНТ
Марафон қорытындысы бойынша, қатысушылардың жинаған ұпайлары есептеліп, үздік шыққан жеңімпаздар анықталды. Сонымен қоса, барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.