Жазғы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі - ерекше бақылауда. Солтүстік Қазақстан облысында профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Балалар жарақатының алдын алуға, су айдындары мен жолдардағы қауіпсіздікке баса назар аударылып отыр. Бұл мәселелер облыстық прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды. 

Солтүстік Қазақстан облысында жазғы демалыс кезеңінде балаларды қорғау шаралары күшейтілді. Бұл мәселелер құқық бұзушылықтың, балалар жарақатының алдын алу және су айдындарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық кеңесте талқыланды.

СНХР: НҰРЖІГІТ САПАРОВ, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ

Сондай-ақ, су айдындарындағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінуде. Төтенше жағдайлар департаментінің қарамағында 26 жүзу құралы бар. Өткен жылы өңірде бірнеше жаңа құтқару станциясы ашылды. Күннің ысуымен су айдындарының ең қауіпті учаскелерінде алты мобильді құтқару бекетін орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, құтқарушылар бейнекамералармен және дауыс ұлғайтқыштармен жабдықталған дрон- аппараттарын қолданады. Сонымен қоса, жиын барысында білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да хабарланды.

СНХР: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыстың әр ауданында жас жол инспекторларының клубтары жұмыс істейді. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп мектеп оқушылары үшін профилактикалық акциялар, байқаулар мен оқыту сабақтары өткізіледі. Білім беру мекемелерінде жолда жүру ережелерін үйренуге арналған мамандандырылған кабинеттер мен автоалаңдар жұмыс істейді.

СНХР: ТЫНЫБЕК САПАРОВ, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мамандардың мәліметінше, өткен жылы және 2026 жылдың басынан бері өңірдегі медициналық мекемелерге түрлі жарақаттармен 18 мыңнан астам бала жүгінген. Бір жарым мың кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Аталған кезеңде балалардың өлімімен аяқталған 15 жағдай тіркелді. Негізгі себептер – өрт жағдайлары, жол-көлік оқиғалары және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу фактілері болып отыр.