Солтүстік Қазақстандық тай боксшылары ел чемпионатынан олжалы оралды. Орал қаласында өткен Қазақстан чемпионатында өңір намысын қорғаған «Жауынгер» спорт клубының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Бүгін жеңімпаздарды туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

Спортшыларды клуб алдында ерекше ықыласпен қарсы алды. Жиналғандар арасында ата-аналар, жаттықтырушылар, достары мен жақындары бар. Әжелер алыс жолдан келе жатқан немерелеріне арнап бауырсақ пісіріп әкелген. Шашу шашылып, домбыраның күмбірлеген үні мерекелік көңіл-күй сыйлады. Биылғы ел біріншілігінде клубтан 33 спортшы бақ сынаған. Соның 20-сы жүлдегер атанып, қоржынға 10 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль салды. Осы нәтиженің арқасында команда жалпыкомандалық есепте көш бастады.

(для рус реда: 842 – Виктория Филимонова 1 место; 836 – Асан Али Саркыт 1 место)

СНХР: АМИРА ӘЛЖАНОВА – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

АРИАННА ЧЕРЕПАНОВА – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Жаттықтырушылардың айтуынша, жарыс жас спортшылардың әлеуетін бағалауға және алдағы жұмыс бағытын айқындауға мүмкіндік берген. Клубта бүгінде жүздеген бала тай боксымен айналысады. Олардың қатарында әлем чемпиондары да бар. Жаттықтырушылардың айтуынша, спорттағы табыстың басты кепілі – жүйелі еңбек, табандылық және ата-ананың қолдауы. Сондықтан әрбір жеңістің артында спортшының ғана емес, бүкіл отбасының еңбегі жатыр.

СНХР: ВИКТОР ВЕГЕЛЕ - СҚО ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Шамамен 18 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан клубта тай боксынан бөлек классикалық бокс, бразилиялық джиу-джитсу және садақ ату секциялары да бар. Ел чемпионатында топ жарған спортшылар енді халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Жас чемпиондардың келесі мақсаты – Қазақстанның көк туын әлемдік ареналарда биікке көтеру.