Мамлют ауданындағы Щучье ауылы соңғы жылдары инфрақұрылымы реттеліп, әлеуметтік әлеуеті артқан заманауи елді мекенге айналып келеді. Ауылдың жандануына жергілікті серіктестіктің қосқан үлесі зор. Ондағы агроқұрылым тек өндірісті өркендетіп қана қоймай, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуды да басты назарға алған. Мұнда жаңа жұмыс орындары ашылып, қызметкерлер үшін баспаналар салынуда.
Ауылдағы негізгі жұмыс беруші — 2004 жылдан бері өсімдік және мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан «Белое агро» серіктестігі. Кәсіпорын алқаптарда бидай, арпа, жасымық егіп, ангус тұқымды ірі қара мал өсіруде. Таза табыстан бөлек, серіктестік ауылды дамытуға демеушілік көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта ауылда 8 жаңа үй бой көтеріп, 5 ескі баспана күрделі жөндеуден өткен.
СНХ: МӘРЗИЯ ЫСҚАҚОВА, ЩУЧЬЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жергілікті шаруашылықтың қолдауымен ауылдағы қаңырап бос тұрған мектеп ғимаратына «екінші өмір» сыйланды. Жаңарған нысан халық игілігіне беріліп, мұнда заманауи дүкен, медициналық қосын, жартылай фабрикаттар өндіретін цех және мәдениет ошағы жұмысын бастады
СНХ: САЛТАНАТ ТОҚАЕВА, БЕЛОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бүгінгі таңда Щучье ауылында жайлы өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалған. Тұрғындар сапалы баспанамен, тұрақты жұмыспен және мәдениет ошағымен толық қамтылған. Осындай қолайлы ортаның арқасында жергілікті халық тек тер төгіп еңбек етіп қана қоймай, шығармашылықпен айналысуға, ән айтып, би билеуге және өз таланттарын шыңдауға зор мүмкіндік алып отыр.