Спортшының жеңісі тек жарыс алаңында қалыптаспайды. Әр медаль мен рекордтың артында оны жеңіске жетелеген бапкердің еңбегі тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында ауыр атлетикадан бірнеше буын чемпион тәрбиелеген жаттықтырушылар мектебі қалыптасқан. Солардың ізімен келе жатқан жаттықтырушылардың бірі – Ринат Баударбеков.
Ринат Баударбековтің өзі де спортта үлкен жолдан өткен. Қазақстан чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған спортшы бүгінде жинаған тәжірибесін жас буынға үйретіп жүр. Оның қарамағында қазір 25 жас спортшы жаттығады. Арасында ел чемпиондары мен республикалық жарыстардың жүлдегерлері бар.
СНХР: РИНАТ БАУДАРБЕКОВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Жаттықтырушының еңбегін шәкірттері де жоғары бағалайды. Солардың бірі – Артем Бузгон. Оның айтуынша, бапкердің кеңесі мен қолдауы нәтижені жақсартуға үлкен әсер еткен.
СНХР: АРТЕМ БУЗГОН, ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Ринат Баударбековтің спорттағы жолы оның алғашқы ұстазы, ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерік Әлібаевпен тығыз байланысты. Жарты ғасырға жуық өмірін спортқа арнаған маман талай чемпионды тәрбиеледі. Соңғы жылдары облыстағы ауыр атлетиканың қарқыны бәсеңдей бастағанын байқаған Ерік Әлібаев тәжірибелі шәкірті Ринат Баударбековті елордадан арнайы шақыртқан. Бұл оңай шешім болмаған. Дегенмен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында тұрғын үй мәселесі шешіліп, бапкер өңірге оралған.
СНХР: ЕРІК ӘЛІБАЕВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ
Бүгінде бапкерлердің бірлескен еңбегі нәтижесін бере бастады. Жас спортшылар республикалық жарыстарда жүлде алып, спорт шеберлігіне үміткер нормативтерін орындауда. Қазір команда алдағы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр.