Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде сауда саласындағы заңнама талаптарына арналған брифинг өтті. Мамандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу кезіндегі талаптар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігі туралы айтты. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі өндірушінің немесе көтерме жеткізушінің бағасынан 15 пайыздан аспауы тиіс. Бұл талап халық үшін маңызды азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған. Жыл басынан бері өңірде осы талапты бұзған кәсіпкерлерге 50 әкімшілік айыппұл салынған.

СНХР: ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Мамандардың айтуынша, сауда орындарында тауар бағасы міндетті түрде теңгемен көрсетілуі қажет. Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олар уәкілетті органға ресми түрде шағымдана алады.

СНХР: ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Брифинг барысында отандық тауарларды сауда нысандарында орналастыру мәселесі де көтерілді. Ережеге сәйкес қазақстандық өнімдер арнайы белгіленіп, сатып алушыларға қолжетімді жерлерде орналасуы тиіс. Сонымен қатар дүкендердегі сөре кеңістігінің кемінде 30 пайызы отандық тауарларға арналуы қажет. Мамандар кәсіпкерлерді сауда саласындағы заң талаптарын сақтауға шақырып, бұл әділ бәсекелестікті қалыптастыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал ететінін атап өтті.