Петропавлда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің жыршысы — Мағжан Жұмабаев» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Тағылымды іс- шара қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.

Музыкалық кеште студенттер ақынның шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарлама ұсынды. Іс-шараның ашылуында домбырашылар күмбірлеген күй орындап, көрермендерді рухани кештің атмосферасына бөледі.

СНХР: ӘСЕМГҮЛ КЕРЕЕВА , МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ

Әдеби-музыкалық іс-шарада «Салкүрең», «Дала рухы», «Ертұран» күйлері орындалып, Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды.Тағылымды іс-шараға 40-қа жуық колледж студенттері қатысты.

СНХР: АЙНҰР КӨБЕГЕН , МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

Рухани кеште жастардың ақын мұрасына деген қызығушылығын арттырып, туған жерге, ана тіліге және Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеуге ықпал етті.