Алкоголь ішкеннен кейін көлік тізгініне отыратындар әлі де азаймай тұр. Полицейлер кезекті рейд барысында мас жүргізушіні анықтады. Жалпы өңірде мұндай фактілер қаншалықты жиі тіркеледі? 

Биылғы бес айда облыста мас жүргізушілердің кесірінен бір адам көз жұмып, 10 адам жарақат алды. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер тұрақты түрде рейдтер өткізіп келеді. Алайда ескертуге қарамастан, ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыратындар әлі де кездеседі. Мұндай жағдайлар қалада да, аудандарда да тіркелуде.

СНХР: ЕВГЕНИЙ ШНАЙДЕР — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Медициналық тексеру жүргізушінің масаң күйде болғанын растады. Оқиға полиция қызметкерінің бейнежетонына жазылып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді.

СНХР: ЕВГЕНИЙ ШНАЙДЕР — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Мұндай деректер өңірде жиі кездеседі. Жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 477 жүргізуші жауапқа тартылды. Полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін сақтап, өз қауіпсіздігі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.