Ақжар ауданында көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биыл аудан диқандары жалпы көлемі 274,3 мың гектар жерді игеріп отыр.. Оның 202 мың гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар себілсе, 61 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілген. Қалған жер көкөніс пен мал азығына қажетті жемшөп дақылдарын себуге бөлініпті.

Ақжарлық шаруалар егістік алқаптардағы ылғал кеппей көктемгі егін себу жұмыстарын дер кезінде бастап, уақтылы аяқтау күзгі жиын-терімде мол астыққа кенелудің кепілі екендігін жақсы түсінеді. Бұл үрдіс биыл да қалыптасқан дәстүрге сай жүргізілген. Солардың қатарында «Болат» шаруа қожалығы да бар. Тоқсаныншы жылдардың басында, шағын жер телімінен басталған шаруашылық меншігіндегі бүгінгі егіс алқабы 14 мың гектарды құрайды. Оны игеруде машина -трактор паркіне артылар жүк ауыр. Ол мәселе де іргелі шаруашылықта оң шешімін тапқан. Қолдағы техниканың барлығы қуаттылығы жоғары шет елдік.

СНХ: Болат Атығожин – шаруа қожалығы басшысы

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек аз емес. Соның бірі арзандатылған жанар-жағармай мен қажетті минералды тыңайтқыштар, зиянкестер мен түрлі ауруларға қарсы өңдеу жұмыстарында қолданылатын химиялық препараттар. Онмен ақжарлық диқандар қауымы танап басындағы қарбалас тірлік басталғанға дейін толық қамтамасыз етілген.

СНХ: Мұрат Мейрамов – Ақжар аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі 

Диқандар егін себу науқаны барысында барлық агротехникалық талаптарды 100 пайыз орындағанг. Жер емген шаруалар жаз мезгілінде ауа райы қолайлы әрі жауын-шашын мөлшері жақсы болса биылғы өнім көлемі де жылдағыдай жоғары болатынына сенім артуда.