Петропавл қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары саябақтар мен гүлзарларға бөлініп, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Сенбілік өткен орындардың бірі – саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңы. Акцияға әртүрлі жастағы тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Мұндай сенбіліктер бүгінде игі дәстүрге айналған. Көптеген тұрғындар экологиялық акцияларға тұрақты түрде қатысып келеді.

СНХ: ЗАМЗАГҮЛ ТҰРЛЫБАЕВА – СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға ғана емес, адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыруға да ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын қолдаушылар қатарын арттырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге үлес қосып келеді.