Петропавлда бір аптадан бері ауқымды тарихи жобаның түсірілімі жүріп жатыр. «Ботай: ғайып ғалам» фильмі кәсіби топ пен жергілікті мамандардың қатысуымен түсірілуде. Туынды авторларының айтуынша, басты міндет - бүкіл Қазақстан көрермендеріне өңірдің байлығы мен ерекшелігін көрсету, сондай-ақ ежелгі Ботай қонысының мұрасына назар аудару.
Түсірілім жұмыстары өзгеше жағдайда өтуде. Шаһарда арнайы түсірілім алаңы болмағандықтан, шығармашылық топ қолда бар ғимаратты бейімдеп, көріністер мен техникалық шешімдерді өз күштерімен жасап жатыр. Қиындықтарға қарамастан, мұнда күрделі сахналар тұрғызылуда. Әсіресе, қосалқы жасақтардың қатысуымен өтетін, тартысты да қауіпті трюктері бар соңғы бөлімдерге ерекше екпін берілген. Кейіннен туындыға заманауи компьютерлік бейнелер қосылып, киноның ауқымы мен тарихи сипаты тереңдей түспек.
СНХ: НҰРЛАН ҚУАНЫШБЕК, РЕЖИССЁР
Режиссерлердің айтуынша, заманауи технологиялардың көмегімен туындыға қосымша бейнелер қосылып, үңгір аумағы кеңейтіледі. Мұндай көрініс тек кинода ғана бар, сондықтан Қызылжарға келген қонақтар шынайы өмірден мұндай үңгірді таба алмайды.
СНХ: НҰРЛАН ҚУАНЫШБЕК, РЕЖИССЁР
Жоба авторларының мәлімдеуінше, әдеттегі арнайы түсірілімжайларда жасыл экран мен кәсіби жарықтандыру құралдары пайдаланылады. Алайда қала жағдайында шығармашылық топ өзгеше жолдар тауып, түсірілімге ең қажетті ортаны өз күштерімен жасап жатыр.