Ерлі-зайыпты Артем мен Екатерина Сиротенко сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдыра білді. Үй жағдайында тәтті өнімдер дайындаудан бастаған олар бүгінде ондаған түрлі кондитерлік өнім шығаратын жеке цехтарын дамытып келеді. Отбасылық жұп сұранысқа ие бизнесті қалай құрды және алдағы жоспарлары қандай?

Бүгінде Артем мен Екатеринаның өнімдері облыс орталығынан тыс жерлерге де танымал. Тұрақты тұтынушылар саны күн сайын артып келеді. Барлығы үй асханасынан басталған. Екатерина бала күтімі демалысы кезінде кондитерлік өнімдер дайындауға қызығушылық танытып, сүйікті ісімен айналыса бастайды. Уақыт өте келе сұраныс көбейіп, ерлі-зайыптылар бұл істі отбасылық кәсіпке айналдыруға шешім қабылдайды. Артем жұбайының бастамасын қолдап, ұйымдастыру жұмыстарының бір бөлігін өз мойнына алады.

СНХР: АРТЕМ СИРОТЕНКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Жеке кондитерлік цех ашу үшін Артем мен Екатеринаға көптеген мәселені шешуге тура келді. Олар өндіріс орнына лайықты ғимарат тауып, заманауи құрал-жабдықтар сатып алып, білікті мамандарды жұмысқа тартты. Қазіргі таңда цехта күн сайын ондаған торт, бәліш, печенье және басқа да тәтті өнімдер дайындалады. Кәсіптің басты ерекшелігі – табиғи өнімдерді пайдалану және авторлық рецепттер. Артемнің айтуынша, табыстың негізгі сыры – өз ісіне деген сүйіспеншілік пен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қолдауы.

СНХР: АРТЕМ СИРОТЕНКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Қазіргі уақытта отбасылық кәсіп қарқынды дамып келеді. Ерлі-зайыптылар алдағы уақытта өнім түрлерін көбейтіп, өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр.