Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 40 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 бала қаза тауып, 45-і жарақат алды. Осыған байланысты полицейлер Петропавлда балалар және жасөспірімдермен бірге жол қауіпсіздігін насихаттайтын велошеру өткізді. Шара барысында қатысушыларға жол ережелерін сақтау және жолдағы қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы туралы түсіндірілді.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында болған 40 жол-көлік оқиғасында 4 кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 45-і жарақат алды. Зардап шеккендердің біреуі велосипедте болса, үшеуі мопед тізгіндеген. Жазғы демалыс басталысымен полицейлер Велоспорттан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп Петропавл қаласында велошеру өткізді

СНХР: Виктория Потапова — 14 жаста

Елуге жуық тәрбиеленуші «Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар — бұл сіздердің өмірлеріңізді сақтайды!» деген ұранмен Қазақстан Конституциясы көшесі бойымен жүріп өтіп, қала тұрғындарының назарын жол қауіпсіздігіне аударды. Жаяу жүргіншілер өткелдерінде велошеру қатысушылары велосипедтен түсіп, көліктерін жетектеп өтті. Бұның маңыздылығын полицейлер мәреге жеткен соң түсіндірді.

Велосипед, скутер және электрсамокат пайдаланушыларға арналған тағы бір маңызды кеңес — жүк көліктерінің «көрінбейтін аймақтары» туралы ұмытпау.

Патрульдік полиция офицері балаларға «КамАЗ» жүк көлігі мысалында жүргізуші велосипедшіні қай тұстарда көре алмайтынын көрсетті.

Полицейлер бұл велошеруді «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары балалар тек қаланың ең көрікті көшесімен серуендеуден алған әсерлерімен ғана емес, сонымен қатар жол қауіпсіздігі туралы алған білімдерімен құрдастарымен бөліседі деп сенеді