Петропавлда «Хроникадан – болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтті. Мәдени-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналды. Кинолекторий аясында Президент телерадиокешенінің Деректі кино орталығы түсірген үздік авторлық фильмдер еліміздің әр өңіріндегі көрерменге жол тартып жатыр. 

 Петропавлдық көрерменге бұл жолы екі деректі фильм ұсынылды. Оның бірі – «Travel Kazakhstan». Туынды Қазақстанның туристік әлеуетін, табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасын, әлемдік туризм картасындағы орнын жан-жақты таныстырады. Ал «Қуатты серіктес» фильмі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапарының қорытындылары мен Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне арналған.

СНХ: АЛТЫН СЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Көрсетілім жастардың да қызығушылығын оятты. Көрермен фильмдер арқылы Қазақстанның көрікті өңірлері мен туристік мүмкіндіктері жайлы тың мәлімет алып, өз әсерлерімен бөлісті.