24 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Толығырақ – полиция департаментінің баспасөз қызметінің бейнематериалында.

 Іс-шара аясында полицейлер мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау және зардап шеккендерді қорғау бағытында жұмыс жүргізуде. Ерекше назар жанжал жағдайларында неғұрлым осал саналатын әйелдер мен балаларға, сондай-ақ бұрын сотталған адамдарға аударылуда. 2026 жылдың алты айында өңірде қиын өмірлік жағдайға тап болған 47 отбасы анықталды. Олар туралы ақпарат әлеуметтік көмек көрсету үшін Отбасын қолдау орталықтарына жолданып, бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық жүйеге енгізілді.


ЛЮФТ: (Мероприятие «Безопасный дом». Проводим профилактику среди семей. Как у вас дома? – Ну, так, ничего, нормально. Я сейчас в ночь собираюсь, на работу, это... Работаю. У меня муж тоже работает) IMG_6624.MOV 00:00-00:18 ЛИЦО ЖЕНЩИНЫ НЕ ПОКАЗЫВАТЬ


ТІЛШІ: Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1537 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 1657 қорғау нұсқамасы шығарылып, құқық бұзушыларға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салуды қоса алғанда, 737 ерекше мінез-құлық талабы белгіленді. Белгіленген шектеулердің сақталуын бақылау барысында қорғау нұсқамаларын бұзудың 170 және ерекше талаптарды бұзудың 845 дерегі анықталды.


СНХР: Разия Мәлікова – Петропавл қаласы полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы IMG_6669.MOV


ТІЛШІ: Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасында атап өткендей, анықталған құқық бұзушылықтар санының артуы жанжалдардың көбеюіне емес, профилактикалық жұмыстың күшеюіне және бұрын жасырын қалған фактілердің тиімді анықталуына байланысты. «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы 25 шілдеге дейін жалғасады. Полицейлер дер кезінде жүргізілетін профилактика «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құрамдас бөлігі екенін еске салады.