Өңірде егін орағы науқаны басталды. Айыртау ауданындағы «Стефан» шаруа қожалығы 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

 Шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Алқапта 6 адам еңбек етеді. Егіс алқабының жалпы көлемі – 700 гектар. Мұнда рапс, зығыр, жасымық және арпа өсіріледі.