Өңірде есірткіге қатысты қылмыстар көрсеткіші төмендеді. Жыл басынан бері облыс аумағында 147 есірткі қылмысы тіркелсе, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 177-ге жеткен еді. Десе де, қазіргі таңда есірткіні ғаламтор арқылы заңсыз тарату әрекеттері әлі де тыйылмай тұр. Жыл басынан бері есірткі сату және таратуға қатысты 72 дерек анықталды.

 Тәртіп сақшыларының айтуынша, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары тек қылмыстың жолын кесіп қана қоймай, жастар арасында профилактикалық шараларды да жиілеткен.

Снх: НҰРИСЛАМ ІЛИЯСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Қазіргі таңда СҚО-да нашақорлық жағдайы бір қалыпты деп бағаланады. Полиция департаменті тарапынан есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу сияқты істер тұрақты түрде жүргізілуде. Әсіресе профилактикалық іс-шараларға көңіл бөлінуде. Соның арқасында өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмысы осы жылы едәуір азайды.