Алкогольге тәуелділік - бүгінгі таңда өзектілігін жоғалтпаған маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта аталған тәуелділік бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығында 5497 азамат ресми есепте тұр. Мамандардың айтуынша, бұл мәселе тек ересектер арасында емес, жастар арасында да жиі кездеседі. 

 Алкоголь -ең алдымен бас миының жасушаларына соққы беретін психоактивті зат. Бұл, әсіресе, ағзасы толық қалыптаспаған жастар үшін өте ауыр. Себебі бұл жаста ми жасушалары ішімдікті уландырғыш фактор ретінде қабылдайды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір психикалық денсаулық орталығына 15-20 жас аралығындағы азаматтар да жиі түседі. Осыған байланысты мамандар дерттің алғашқы белгілері байқалған бойда уақыт созбай, дәрігер көмегіне жүгінуге кеңес береді. Өйткені мәселені ерте анықтау емдеу процесін әлдеқайда жеңілдетеді.

СНХР: ГАЛИНА АНДРЕЕВА, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР ПСИХИАТР - НАРКОЛОГЫ