Петропавл тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Пестрое көлі шомылу маусымы аяқталғаннан кейін тазартылады. Бұл жоба кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Осы тұста қала әкімі Серік Мұхамедиевтің қатысуымен жобаның барысы талқыланды. Жауапты мердігер алдағы жұмыстардың жоспарын таныстырып, көлді тазарту басталғанға дейін атқарылатын шаралар жөнінде баяндады. Толығырақ тілшіміз баяндайды. 

 «Пестрое» көлінің түбіне жылдар бойы лай жиналып, су айдыны қатты сазға айналған. Тазалау жұмыстарын осы салада мол тәжірибесі бар «ПетроАльянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Бұл мақсатта арнайы топырақ сорғыш кемелер іске қосылады. Алдымен су айдынына жан-жақты талдау жасалып, оның тереңдігі, жағалау аймағы мен түбіндегі шөгінділер тексеріледі. Бұл жұмыстар алдағы міндеттердің нақты ауқымын белгілеуге мүмкіндік береді.

СНХР: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жоба жетекшісінің айтуынша, қалпына келтіру шаралары үш кезеңнен тұрады. Басты міндет — табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Сондықтан негізгі іске кіріспес бұрын көлдің қазіргі жағдайы жіті сарапталып, тиісті технология таңдалады.

СНХР: ВАЛЕРИЙ СУХАЧЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

 Айта кетейік, шөгінділерді соруға арналған арнайы техника Алматы облысынан Солтүстік Қазақстан облысына бір ай ішінде жеткізілмек. Ал көлді толық тазарту жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.