Өңірге іс-сапармен келген ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен аймақ басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов және жаңадан тағайындалған облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов Мағжан орталығына барды. Олар мәдени нысандағы әр бөлімді аралап, ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құнды дүниелермен танысты.
Алаш арысы Мағжанның құрметіне арналған бұл мәдени нысан 2025 жылы ашылды. Орталық 19-шы ғасырдың соңында салынған ғимаратта орналасқан.
СНХ: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, “МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” ДИРЕКТОРЫ:
Жалпы аумағы 6 залды қамтитын мәдени кешен ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған. Әрбір бөлмеге тұлғаның тұтынған заттары мен дәуір тынысын сипаттайтын құнды жәдігерлер ерекше талғаммен қойылған. Айта кетейік, бүгінде бұл кешенде әдеби-көркем, қоғамдық-саяси бағыттағы «Мағжан» журналы тұрақты түрде шығарылып тұрады.
СНХ: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, “МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” ДИРЕКТОРЫ:
Тарих пен тағылымның алтын бесігіне айналған «Мағжан» орталығы алдағы уақытта да ағартушылық бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек. Сапар соңында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев кешеннің жұмысына оң бағасын беріп, ұлы ақынның мұрасын дәріптеу ісіне сәттілік тіледі.